Қазіргі Хамидолла Наубетов, бұрынғы Куйбышев атындағы орта мектеп ұзақ жылдық тарихы бар, халық шаруашылығының сан- салаларына маман кадрлар дайындауда айтарлықтай үлесі бар, іргелі оқу орындарының бірі болып саналады.Алғаш 1931 жылы бастауыш мектеп болып құрылып, 1932 жылы сол кездегі «Социалистік жол» Балықшы колхозының көмегімен ескі саман тастан 5 бөлмелі мектеп үйі салыныпты.Бұл жылдары «Міндетті бастауыш білім беру» туралы қаулы шығуымен байланысты оқу-ағарту жұмысына айрықша назар аударып, мектепке «Үлгі» атағы беріліп, жеті жылдық мектеп болып жұмыс жасай бастаған. Кейін шаруашылық әдісімен қосымша мектеп үйлері салынып, мектеп орта мектепке айналдырылды. 1949 жылы алғаш рет жиырма шақты бала оныншы класты бітіреді.Содан бері бір ғасырға жуық уақыт ішінде 2500-ден астам жастар мектеп бітіріп , орта білім туралы аттестат алып, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында еңбекке араласқан екен.
Алғаш «Үлгі» орталау мектебі дүниеге келген кезде Сүлейменов Шәміш деген кісі директор, Тасқарин Жұбандық оқу ісінің меңгерушісі болды.Кейіннен Новобогат ауданы құрылғанда Жұбандық аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып, соңынан практикалық жұмысқа ауысты, Ұлы Отан соғысы жылдарында Гурьев облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Жылыой аудандық партия комитетінің секретары болып біраз мезгіл жұмыс жасады.1932-36 жылдар аралығында мектеп педагогикалық кадрлармен біршама толықтырылды. Астрахань медрабфакін бітірген Көпбосынов Тоқтар, Гурьев пед.техникумын бітірген Құрманғалиев Ақмәди, Қаменов Тасқали, Зналиев Ильяд, Шұғаепов Мағыпар келді. Олар өздерінің бар білгендерін оқушыларға жеткізуге, жастарды өмірге, білім алуға, олардың саналы азаматтар болып шығуына мол үлестерін қосқан адамдар еді. Аталғандардың төртеуі де үйленбеген жас жігіттер болатын, бір үйде жатып жұмыс жасады. Олардың жеке басының мәдениеттілігі, азаматтық санасы, өздерінің болмыс – бітімдерімен шәкірттерін қатты қызықтыратын.Қаменов Тасқали турникте ойнағанда адамдарды таң қалдыратын. Көпбосынов Тоқтар ішкі істер органдарына жұмысқа ауысып, Ұлы Отан соғысы жылдарында Гурьев, Орал қалаларында облыстық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады.Соғыс кезінде елдің, Батыс өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіүшін тиісті жоғарғы орындарының сан рет марапаттауларына ие болды. Шұғаепов Мағыпар мен Қаменов Тасқали Ұлы Отан соғысынан аман оралып, Алматыға оқуға кетіп, сол жақта қалып қойды. Зналиев Ильяд Ганюшкино селосындағы орта мектепке математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа ауысты. Аталған ұстаздар мен қатар неміс әйелі Бурова Музия, қазақ Шәрипов Мәжен жұмыс жасады.Екеуінің балаларға неміс тілі мен математиканы үйретуіндегі еңбектері ұшан теңіз.
1945-59 жылдар аралығында мектеп білікті, тәжірибелі мұғалімдермен толықтырылып отырылды. Олардың қатарына химия пәнінің мұғалімі Тыспаева Зинеш орыс тілі пәнінің мұғалімі Әзірбаева Рабиға биология пәнінің мұғалімі Қайырова Әзима, география пәнінің мұғалімі Үмбеталиева Балсекер, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құсайынов Ахмет, математика пәнінің мұғалімі Шөкетаева Биха, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өтепова Мүслима, шет тілдерінен Русева Альбина Алексеевна, Агафонова Настия,Анастасия Васильева, Халидуллин Әнуар, Қарабалин Ибрайым,Сисенов, Қоншекеев Рахметолла, бастауыш класстарда Губашева Мәуа, Губашева Ақбопе, ҚарабалинаБөпіш, Сыдихов Пазли, Дүйсенғалиева Қасиет, Губашев Әмірхан, Мәмбетов Қалекес,Байденов Қалел т.б. ұстаздар еңбек етті
1933-44 жылдар аралығында Шәміштен кейін Балмұханов Зұлхарнай, Өтегенов Мүти, Есенғалиев Зейнолла, Қожырова Жамалмектеп директоры болып жұмыс жасады.
1947-50 жылдары Хасанов Рахым,
1950-51 жылдары Қайралапов Уәйс,
1951-52 жылдары Қазашова Ғайни,
1952-60 және 1969- 73 жылдары Панабердиев Аяпберген,
1960-65 жылы Әбілов Шапағат,
1965-69 жылы Жұмағазиев Ибат,
1973-78 және 1985-87 жылдары Хайдаров Алпамыс
1978-85 жылдары Бисенғалиев Ғабдрахим,
1987-94 жзылдары Наубетов Садуақас,
1994-96 жылдары Хайдаров Әліби,
1996 жылдың сәуір айынан бастап Жиенғазиев Ғимади мектеп директоры болып жасап келеді. Осы мектепте Бисенғалиев Ғабдрахим үздіксіз 42 жыл ұстаздық еткен, оның соңғы жиырма жылында мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөніндегіорынбасары, мектеп директоры болып жұмыс жасаған.Онымен үзеңгілес бір мектепте жұмыс жасаған Әбілов Шапағат, Аманбаев Қаби, Махуова Нәсіп, Нәжимова Гүлжиян, Шарапиева Қатира, Сыдихов Пазли, Жұмағазиев Закария, Шұғаепов Қаһарман, Өтешов Қабыл, Қожамұратов Жәрдем, Байденов Ғкалым, Марданов Ғизат, Каримова Нурия сияқтыұстаздардың бір бөлегі өмірден озса, кейбірі қазір құрметті демалыста.
Оқушыларға білім мен тәрбие көрнекті үлес қосқан бір топ ұстаздар: Панабердиев Аяпберген, Гаммаев Зұлпыхар, Есенәлиев Сарес, Мұханбетқалиев Қайырлы, Жұмағазиев Ибат, Нұрмашев Насыр, Губашева Мәуа, Сарсенғалиев Уалит, Дүйсенғалиева Қасиет, Дайыров Сатқан, Досанова Ғалия қазір арамызда жоқ.Олардың рухына тағзым етіп, басымызды иеміз 80 жыл тарихы бар бұрынғы Куйбышев, қазіргі Х.Наубетов атындағы орта мектепті бітіргендер ішінен кейін талай белгілі азаматтар өсіп жетілді.
1936-39 жылдары жеті жылдық бітірген Стамғазиев Жақсылық, Қыдыралин Мүслимат, Шарапиев Смағұл, Сарбалин Сағындық т.б азаматтар Ұлы Отан соғысында ерлік үлгілерін көрсетті. Отанының жоғарғы наградаларына ие болды.
Куйбышев атындағы орта мектепті бітіріп, кейін осы мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған Қоншекеев Рахметолла Отан соғысы кезінде рота командирі дәрежесіне дейін өсіп, көрсеткен жауынгершілік ерліктері үшін екі рет Қызыл жұлдыз, 1- дәрежелі Отан соғысы ордені және бірнеше медальдармен наградталып, аға лейтенант дәрежесімен елге оралып, кейін бірнеше жыл қайтадан ұстаз болып жұмыс жасап, қайтыс болды.
Ақтанов Қалекес Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысып олфицер белгісімен елге оралғаннан кейін Новобогаттағы механизаторлар даярлайтын училищенің директоры, Гурьев облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығы, облыс әкімінің орынбасарлары болып ұзақ жылдар жұмыс жасап, 1994 жылы қайтыс болды.
Мектеп бітіргендер ішінен ірі-ірі ғалымдар, партия- совет қызметкерлері өсіп жетілді.
1950 жылы осы мектепті Алтын медальмен бітірген Рахметов Қиясиден Алматы қаласындағы университеттің филология факультетін бітіріп, кейін филология ғылымдарының кандидаты сонынан осы ғылымның докторы, диссертациясын қорғады.
Ермеков Құрамыс – философия ғылымдарының докторы.
Кәримов Шайдолла – ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты.Ұзақ жылдар облыстық ауылшаруашылығы басқрмасының бастығы. Мақат аудандық партия комитетінің 1 – хатшысы болып жұмыс жасады. Соңынан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры болып жұмыс жасады. Қазір еңбек демалысында.
Панабердиев Төленді – Москвадағы халықаралық қатынастар институтын тамамдап, елшілік қызметте жүріп қайтыс болды.
Рахметуллина Әсия – ғылым кандидаты, Куанышбаев Қапизолла – әскерден оралған соң комсомол жұмысында болып, кейін Жылыой, Махамбет аудандары партия комитетінің бірінші секретары болып ұзақ жылдар жұмыс жасады.Оңайбаева Айдын, Төреғалиев Тілекқабыл, Кәримов Шайдолла, Теңіз,Мақат, Балықшы аудандары партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарса, Есболов Қабиболла, Жакенов Қабыштай Бейнеу аудандық советі атқару комитетінің төрағалары болып жұмыс жасады.
Бұрынғы Куйбышев атындағы орта мектептің ертеректегі мұғалімдерінің сапа құрамының онша болмауына қарамастан сол кезде оқып тәрбие алған жастардан талай азаматтық санасы жоғары, елдің экономикалық, мәдени, оқу-ағарту, шаруашылық салаларында жанқиярлықпен жұмыс жасаған азаматтарды ондап, жүздеп санауға болады.
Мысалы: Байдолов Ақман – Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген.Маңғыстауда асыл тұқымды жылқы заводының директорлығынан еңбек жолын бастап , Чапаев совхозының директоры, ауыл шаруашылығы Министрлігінінде жұмыс жасады.
Ахметжанов Сапи – ғалым зоотехник. Чапаев совхозының директоры, Махамбет, Исатай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс жасады.
Есқалиев Азидолла - Бүкіл дүниежүзілік жастар фестивалінің лауреаты, белгілі домбырашы, Алматы филармониясында жұмыс жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Оңғарсынова Фариза – Қазақстанның халық жазушысы, ақын. Баймұханов Муса, Сұпығалиев Қалмұқан, Қасымқұлов Батихолла т.б халық шаруашылығының әр саласындағы инженерлер болып жұмыс жасады.
Ахметжанова Қамқа, Қуанышева Сәнім, Исмагулова Күлпара, Жанбалаев Өнербек, Губашев Омар, Қабделова Таура, Дайырова Алтынай, Қайреденова Сәуле т.б әр түрлі мамандықтың иелеріжоғары білімді дәрігерлер.
Аманбаев Әлім, Мурсалиев Қизатолла, Қалменов Тұрарбек, Қазешов Жасұлан т.б юрист- заңгерлер.
Әміров Табылды, Қарабалин Кеңес, Тұралиев Құрманғали, Сисенов Қуандық, Әміржанов Мадияр- құрметті теміржолшылар.
1959 жылы «Забурын» совхозы Забурын ауылынан Жанбай селосына көшірілді.Соған байланысты Куйбышев атындағы орта мектеп 1960 жылы Жанбай селосына ауысып, бастауышклассқа арнап типтік жобамен салынған мектеп үйіне орналасты.Бұрынғы осы ауылдағы «Сарытөбе» жеті жылдық мектебінің оқушыларымен оқытушылары қосылып, оқушы саны күрт өзгеріп, әр жылдарда «Забурын»совхозы тұрғын үйлерінің есебінен 16 класс бөлмесі бар қосымша 3 корпус салып берді. Бұл жылдары мектеп жоғары оқу орындапрын бітірген мамандарымен жыл сайын толықтырылып отрды. Хайдаров Алпамыс, Есенғалиев Сәрсен, Жәрдемов Данияр. Юсупова Нәзен, Жүнісова Қауария, Жүнісова Нұрзила, Қабделова Сандуғаш, Мусаева Лаззат, Кайреденова Гүлфара, Нұрмашева Шарбану, Кайреденова Әлима, Панабердиев Асқар, Рахымбергенова Рысгүл, Наубетов Садуақас т.б осы жылдары мектепке келген мұғалімдер еді.Соңғы жылдары осы мектепті бітірген түлектері Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Украинаның Иванов – Франково, Қазан т.б қалалардан жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар республикасынын бірқатар облыстарында жұмыс жасайды.Қазіргі Забурын, Исатай селолық округіндегі адамдардың осы мектептен сауатын ашып, білім алмағандары кемде – кем шығар. Олардың арасынан талай парасатты еңбек адамдары ауыл шаруашылығының озаттары шықты.Нұрмұханов Мүсілім, Айталиев Ғилаж, ИдрановНағим, Мағазов Қадыржан, Ғабдуллина Мүгілсін, Құсайынов Жұма, Қаренова Үнзила, Галимуллин Мардан, Ғұбайдуллин Ғайнеден т.б атауға болады.
Нұрмұханов Мүсілім - қой шаруашылығының белгілі шебері .Қарамағындағы малдан ұзақ жылдар бойы шығын бермей, әр 100 саулықтан 160-қа дейін қозы алып, әр қойдан 4,2 кг. жүн қырқуды қамтамасыз еткен. Бүкілодақтық социалистік жарыста қол жеткен табыстармен, ІХ бесжылдықтың тапсырмаларын мал шаруашылық өнімдерін өндіруімен и, мемлекетке сатуды молайту жөніндегі қабылдаған міндеттемелерін орындауда еңбекте ерлік көрсеткені үшін КПСС ХХІ сьезіне делегат болып қатысып, Социалистік Еңбек Ері атанып, кеудесіне «Алтын жұлдыз» бен Ленин орденін тағып қайтты.Өнім тапсырудан үздік шығып, «Еңбек даңқы» орденімен марапатталады. Сөйтіп, кезінде «Забурын» совхозының атағын Москваға дейін паш етуге баға жетпес үлес қосқан азамат еді.
Айталиев Ғилаж еңбек жолын шопандықтан бастап, ұзақ жылдар жоғарғы көрсеткішке ие болды.Гилекеңнең де еңбек жолы жоғары бағаланды. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. СССР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен наградталған. Бүкілодақтық Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне қатысып, атақты шопан Жазылбек Қуанышбаев атындағы жүлдеге ие болды.
Құсайынов Жұма – шопан ретінде жоғарғы көрсеткіштерге жеткені үшін Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып, ІІ дәрежелі Еңбек Қызыл Ту Орденімен, бірнеше Құрмет грамоталарымен наградталды.
Тракторшы қыз Мүгілсін Ғабдуллина Паша Ангелина атындағы сыйлықтың лауреаты болса, Мағазов Қадыржан тракторист, трактор бригадасының бригадирі ретіндегі қол жеткен жоғарғы көрсеткіштері үшін Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Ревалюциясы Ордендерімен және бірнеше грамоталарымен наградталды.
Идранов Нағим «Забурын» совхозы алғаш құрылғаннан бастап, таратылғанға дейін жарты ғасырға жуық уақытқ бойы есепші жұмысын атқарып келді. Осы мектепті бітіргендерден жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітіріп, кезінде мал шаруашылығында жақсы жұмыс жасағандар жетіп артылады.
Бір кезде КПСС Орталық комитетінің бас секретары Л.И.Брежневтің Қазақстанда қой санын 50 миллионға жеткізу туралы ұсынысына сәйкес жастарды жаппай қой шаруашылығына жіберу науқанына айналды. Осы кезде шынында да қой бағатын адам жеткіліксіз еді. Жер – жерде мектеп бітірген комсомол жастардан шопандар бригадасы ұйымдастырылып, ол үшін мыңға дейін қойды бағып – қағатын болды. Осы кезде партияның шақыруына бастама ретінде мектептің байырғы мұғалімі Қасымов Жанболат мектеп бітірген он шақты баламен шопандар бригадасының жетекшісі болып,қой бағуға аттанды. Бригадаға «Нарын- 83» деген ат берілді.Осы кезде «Ұшқын» - жетекшісі Мұханбеталин Таңатар Қазақстан комсомолдары съезінің делегаты, «Толқын»- жетекшісі Айталиев Ғилаж СССР Мемлекет сыйлығының лауреаты, «Армандастар» - жетекшісі Сұлтанғалиев Самен атты комсомол жастар бригадасы құрылып жұмыс жасады. Жастар бригадасының қажетті мәдени- тұрмыстық жағдайлары жасалынды.
Әр жылдары мектепке «Забурын» совхозы шептік көмек көрсетіп отырды.Бұл ретте осы совхозда он жыл директор болған Мырзабай Жұмабаевтың көмегін айтуға болады. Осы тиіптік жобамен екі этажды мектеп үйін салғызу жөнінде біраз жұмыстанды.Сметалық – проекталық құжаттарын жасату, құрылыс жұмысына қаржы бөлгізу, ақырында бір жылда мектеп уйін пайдалануға бергізу жөнінде біршама жұмыстанды.
1976 жылы Идранов Серік алғашқы болып мектепті «Алтын медальмен» бітірп, Орал қаласындағы ауыл шаруашылық институтының экономика факультетіне түскен болатын. Институтты да Қызыл дипломмен бітіріп, Исатай ауданы мен Атырау облысының атқару комитетінде мамандығы бойынша жұмыс жасады. Қазір Каспий шельфте жұмыс жасайды.
1996 жылы Мүтиев Мәулен, Махсотова Шынар, Аманбаева Жанна, 1998 жылы Жұрмұханбетов Тілектес, 1999 жылы Хайрушева Гүлжанат, Нұрмұханова Айнұр, Шұханова Эльмира үздік аттестатпен бітіріп, жоғарғы оқу орнына оқуға түсті.
Кезінде осы мектепті ұзақ жылдар ұстаздық етіп дүниеден озған және қазір зейнеткерлікке шыққан бір топ мұғалімдер оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде айтарлықтай еңбек етті.Олардың кезінде мектеп бітірген жастардың программалық талап дәрежесінде білім алып, бүгінде өмірдің әр саласында табысты еңбек етіп жүргендері баршаға мәлім.Олар кезінде тиісінше бағаланады да.Мысалы: Абилов Шапағат, Панабердиев Аяпберген Қазақ СССР және СССР Халық ағарту ісінің белгісімен марапатталса, Хайдаров Алпамыс, Өтешов Қабыл, Жұмағазиев Закария, Шұғаепов Қаһарман, Юсупова Нәзен, Нажимова Гүлжиян, Ғубайдуллина Мария, Қапаров Аманкелді, Бисенғалиев Ғабдырахим Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздік қызметкерлері атағына ие болды.Ондаған мұғалімдер әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысып, өздерінің мамандықтарына сәйкес методикалық шеберліктерін аудан, облыс, республика ұстаздарымен бөлісті
1984 жылы мектеп 464 балалық тиіптік жобамен салынды.2000 жылы мектеп әкімшлігінің ұсынысы бойынша Сазанқұрақ бірлескен кәсіп орыны демеушілікпен 20 млн теңге қаржы бөліп 6 бөлме қосымша құрылыс салып берді.2016 жылы NKOK компаниясының демеушілігімен 12 млн теңгеге мультимедиялық кабинет алынды.Мектеп 1992 жылдан бері қарай қос Ленин орденді, Қазақ ССР еңбегі сынген мұғалімі Хамидолла Наубетов есімімен аталады.
2017-2018 оқу жылында 83 мұғалім бар, жоғары санат 12 І санат 32 ІІ санат 17 сапа 54/3.Мектепте 755 оқушы біліммен тәрбие алады, оның ішінде шағын топта 47, МАД-та мектеп алды даярлық -76, 1-4 сынып 278,5-9 272,10-11 82 оқушы бар. Білім сапасы 61/5 пайыз.
Мектеп 2016 жылы күрделі жөндеуден өтті, сонымен бірге материалдық техникалық базасы жаңартылды, интерактивті тақта, заманауи кабинеттермен жабдықталды. Ұстаздар есімімен аталатын кабинеттер, мектептің өткен тарихымен таныстыратын мұражай, мұрағат жасақталған
Мектеп оқу – тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 15 наурызы күні Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен Меморандумға қол қойып іс –шаралар жұмыстарын жүргізуде.