НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ

 

Атауы

Сипаттамасы

Мектеп атауы

«Индер аудандық білім бөлімінің Қ.Абаханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оқыту тілі

Қазақша

Типі

Жалпы орта білім беретін

Бейіні

жаратылыстану- математикалық

қоғамдық- гуманитарлық

Базалық төлемақысы, айына

 

Салынған жылы

1987 жыл

Лицензия нөмері

№ 00318DR

Қосымша жабдықталуы

-

Телефон

8 (71234) 27-3-11

WEB-Сайт,

электрондық поштасы

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мекен-жайы

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы, Үсенов көшесі 13 үй

 

 

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АУДАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

Атауы

Сипаттамасы

Мекен-жайы

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы, Үсенов көшесі 13 үй

Мектепке қарасты көшелері

1.Үсенов

2.Сәрсенбаев

 

 

Орта білім беретін ұйымда білім алушылардың саны;

барлығы: 497 оқушы

1-4 сынытар 197 оқушы

5-9 сыныптар 241 оқушы

10 -11 сыныптар 59 оқушы

 

 

 

Қ.Абаханов атындағы орта  мектеп –Атырау облысы Индер ауданы Өрлік ауылындағы іргелі білім ордасы.

Мектеп тарихы өткен ғасырдың 20 жылдарынан басталып, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетіп отырған іргелі білім ордаларының бірі.

Мектепке 1994 жылы алғашқы ұстаз,Алащ ардақтысыАхмет Байтұрсыновтан дәріс алғанҚабижанАбахановтың  есімі берілген.

Мектеп өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол оқу орны.

Мектептерге енгізіле бастаған жаңа білім беру жүйесінің артықшылықтары, білікті ұстаздардың тың тәжірибелері мен танымдық материалдары, білім берудің жаңартылған мазмұнына сай зерделі зерттеулер, атқарылып жатқан басқа да көптеген игі  шаралар ел дамуының негізгі күштерінің бірі саналатын жалпы орта білім  беру саласына, ұстаздар қауымына  қолдау екені анық. 

Қ.Абаханов атындағы орта мектеп - педагогика саласына бірден-бір басымдық беретін білім беру ісінің қызметкерлеріне, ата-аналар мен оқушыларға арналған өзара ынтымақтастығынан құрылған тәжірибе алмасудың ортақ алаңы.  Мектептің педагогтары өзара жағымды, ынтымақтастық қарым-қатынасты үнемі дамытып отырумен қатар, оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, құқықтық қасиеттерді тәрбиелеуде. Сондай-ақ оқушы дағдысын қалыптастыру, функционалды сауатты болуға тәрбиелеу, жаңашыл технологияларды қолдану оқу үдерісімен бірге тәрбиелеуді де өзгертуге жағдай жасауда.

Мектептің соңғы бес жылдағы жетістіктері:

2012-2013 оқу жылының қорытындысымен аудандық «Жыл мектебі» бағамы бойынша ІІ орын иеленген.

2013-2014 оқу жылының қорытындысымен тамыз кеңесінде ұйымдастырылған шығармашылық көрмеде жұмыстары үздік танылып, І орынды жеңіп алғаны үшін Диплом.

2014 жылы  Мектеп оқушылары арасында өткен аудандық көркемөнерпаздар байқауында театр өнері бағамы бойынша І орын алғаны үшін Диплом.

2014 жыл. Мектеп оқушылары арасында өткен көркемөнерпаздар байқауында ІІІ орын алғаны үшін Диплом.

2016 жыл. ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша ( орта балл- 81,2) І  орынға шықты.

2016 жыл. ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша (орта балл-81,2) І орын.

2016 жыл. Аудандық «Көш керуен» тарихи-этнографиялық  байқауында Бас жүлде.

2016 жыл. Аудан бойынша «Жылдың үздік мектебі».

2016 жыл. Аудан бойынша «Жылдың үздік директоры» марапаты.

2017 жыл. «Өнерімді еліме арнаймын»тақырыбындағы  аудандық мектеп оқушылары көркемөнерпаздар байқауында Бас жүлде.

Мұғалімдеріміздің арасында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің,облыстық білім басқармасының «Құрмет грамоталарымен»  марапатталғандар бар.

Біз, Қазақстанның болашағын дайындап жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміздің көпшілігі Қазақстан қоғамының және еліміздің даму бағытының қалыптасуында ат салысуда. Бұл болашаққа деген сеніммен қараймыз. 

 

Құрметпен, Қ.Абаханов атындағы орта мектеп ұжымы.